Үндістанда көпір құлап, 90-нан аса адам қаза тапты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістанда көпір құлап, 90-нан аса адам қаза тапты

Үндістанның Гуджарат штатындағы Морби қаласына жақын маңдағы Маччху өзенінің үстіне 140 жыл бұрын салынған аспалы көпір құлап, 90-нан аса адам қаза тауып, ондаған адам із-түзсіз жоғалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі The Times of India басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, қаза тапқандар саны 100 адамнан асуы мүмкін. Қайғылы оқиға жексенбі, 30 қазанда кешке болған. Апат кезінде көпірде бес жүзге жуық адам болған, оның көбі әйелдер мен балалар.

Болжам бойынша, көпірдің конструкциясы жиналғандарды көтере алмаған.

Оқиға орнында құтқарушылар тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр. Ондаған адам ауруханаға жеткізілді.

ХІХ ғасырда салынған көпір бірнеше күн бұрын ғана жөндеуден кейін ашылған болатын. Бұл ретте, жекелеген БАҚ-тың мәліметінше, ол тиісті рұқсат құжаттарсыз қолданысқа берілген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети