Үндістанда құм көшкінінен 30 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістанда құм көшкінінен 30 адам қаза тапты © Korrespondent.net

Үндістанның Батыс Бенгалия штатында болған құм көшкінінен 30 адам қаза тапты, - деп хабарлайды BBC Russian. Басылымның мәліметінше, 30 маусымда елде жауған толассыз жауын сырғымаға ұласқан.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістанның Батыс Бенгалия штатында болған құм көшкінінен 30 адам қаза тапты, - деп хабарлайды BBC Russian. Басылымның мәліметінше, 30 маусымда елде жауған толассыз жауын сырғымаға ұласқан.

Оқиға жергілікті уақыт бойынша 1 шілдеде болған. Төтенше жағдайдың салдарынан Дарджилинг пен Сикким арасында көлік қатынасы тоқтап, аймақтағы ең ірі екі автомагистраль жабылды.

Еске сала кетейік, Үндістанда мамыр айының соңында болған аптап ыстықтан 1100-ден астам адам қаза тапқан болатын. Қайтыс болғандардың көбі қаңғыбастар мен күн астында жұмыс істейтіндер екені анықталды.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети