Үндістанда науқастың денесінен 7 келі темір шықты. Бұл туралы Zee News хабарлайды.
Үндістанда науқастың денесінен 7 келі темір шықты. Бұл туралы Zee News хабарлайды.
Ота Сатна қаласындағы ауруханалардың бірінде болды. 35 жастағы Максуд Хан уланды деген күдікпен түскен. "Эндоскопия жасауды ұйғарып, ішінен тиындарды, шеге мен бұрандаларды көріп, таң болдық. Мұндай жағдайға бірінші рет тап болдық", - дейді дәрігерлердің бірі. Айтуынша, Ханның психикалық ауытқушылығы бар.
Науқастың туыстары оның соңғы уақытта күйзеліске тап болғанын, содан металл заттар жұтатын осындай әдеті табылғанын айтып берген. Дәрігерлер отаның дер кезінде жасалғанын айтып, ер адамның өміріне қауіп төніп тұрмағанын хабарлады.