© Fotolia/pixelae
Үндістанның Карнатаке штатында селфи жасамақ болған үш студентті пойыз басып кетті, - деп хабарлайды РИА Новости NDTV телекомпаниясына сілтеме жасап.
Үндістанның Карнатаке штатында селфи жасамақ болған үш студентті пойыз басып кетті, - деп хабарлайды РИА Новости NDTV телекомпаниясына сілтеме жасап.
Полициядағылардың мәліметінше, екі ер адамның мәйіті танылды - олар Бангалордағы Ұлттық колледжде оқыған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қаза болған студенттердің суретке түспекші болғанын айтады.
Сондай-ақ, өткен аптада осы колледждің тағы бір студентінің өлімі жайлы айтылады. Достары жігіттің суға батып бара жатқан сәтін видеоға түсіріп алған.