22 тамыз 2018 14:07

Үндістанда су тасқыны: Апат орнынан суреттер мен видеолар

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Үндістанның Керала штатындағы су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 400-ге жетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 


Үндістанның Керала штатындағы су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 400-ге жетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

Билік өкілдері 3 500 лагерь құрды, онда табиғи апаттан зардап шеккен 1,2 миллион адам қоныстанды. Шенеуніктердің мәліметінше, мыңнан аса адам із-түссіз жоғалып кеткен. 


Фото ©REUTERS

Штатта жауған жаңбыр мөлшері маусым мен қыркүйек айларының аралығында жауатын жаңбыр мөлшерінен 40 пайыздан асқан. Соңғы он күнде жауған нөсер жаңбыр жауғаннан кейін, шенеуніктер оннан аса қауіпті бөгетті ашып жіберген. 

Кераланың бас министрі Пинарайи Виджаян бұл жағдайды Үндістан тарихында болған ең ірі апат деп бағалады. Босқындардың қоныстанған мекені Швейцарияның жер көлемімен бірдей болған. 


Фото ©REUTERS

Reuters мәліметінше, адамдардың тұрып қалған судан тараған жұқпалы ауруларды жұқтырған-жұқтырмағанын тексеріп жатыр екен. Кей жерлерде судың деңгейі 60 сантиметрден асады. Апатты жою үшін 1,4 миллиард доллар қаражат тартылады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети