Үндістанда ұшақ апатқа ұшырады: жолаушылар тізімінде қазақстандықтар жоқ

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістанда ұшақ апатқа ұшырады: жолаушылар тізімінде қазақстандықтар жоқ Фото: әлеуметтік желілерден

Үндістанда Air India әуекомпаниясы жолаушылар туралы мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістанда Air India әуекомпаниясы жолаушылар туралы мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Air India әуекомпаниясы Ахмадабадтан Лондонның Гэтвик әуежайына бағыт алған AI171 рейсі әуеге көтерілгеннен кейін апатқа ұшырағанын растады.

"Ахмадабад қаласынан сағат 13:38-де ұшып шыққан рейс Boeing 787-8 ұшағымен 242 жолаушы мен экипаж мүшесін тасымалдап бара жатқан. Олардың ішінде 169 адам - Үндістан азаматтары, 53 адам - Ұлыбритания, 1 адам - Канада, 7 адам - Португалия азаматтары", - делінген хабарламада.

Осы арада жергілікті БАҚ мәліметінше, ұшақ апаты салдарынан кем дегенде 110 адам қаза тапқан.

Еске салайық, 12 маусымда Air India әуекомпаниясының Ахмадабадтан Лондонға бағыт алған Boeing 787 Dreamliner ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай апатқа ұшыраған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети