Үндістанда ұшақ апатқа ұшырап, 20 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістанда ұшақ апатқа ұшырап, 20 адам қаза тапты REUTERS©

Үндістанда Air India ұшағы апатқа ұшырап, Кожикоде қаласында апатты жағдайда қонды. 20 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістанда Air India ұшағы апатқа ұшырап, Кожикоде қаласында апатты жағдайда қонды. 20 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

Жалғасы

140-тан астам адам жарақат алды.

Қаза тапқандардың арасында екі ұшқыш та бар екені хабарланды.

Жұмада, 7 шілдеде Үндістанда Air India әуе компаниясының Express Boeing 737 лоу-костері Керала штатындағы Кожикоде әуежайына апатты жағдайда қонды. Үндістан билігінің мәліметінше, жаңбыр кезінде қонған лайнер көлбеу құлағаннан кейін екіге бөлінген.

Дубайдан келе жатқан ұшақ бортында барлығы 190 адам, оның ішінде 174 ересек жолаушы, он бала, екі ұшқыш және төрт экипаж мүшесі болған. Ұшақтағылар коронавирус пандемиясына байланысты шетелде қалып қойған үндістер.

Апат болған жерде түсірілген кадрларға қарасақ, ұшқыштардың кабинасы мен ұшақтың алдыңғы жағы толығымен жойылғанын, ұшу-қону жолағында және оның айналасында әуе кемесінің қалдықтары шашырап жатқанын байқауға болады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети