Үндістандағы көпірдің құлауы: күдікті ретінде тоғыз адам қамауға алынды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістандағы көпірдің құлауы: күдікті ретінде тоғыз адам қамауға алынды

Үндістанның батысындағы Гуджарат штатында көпір опырылып, 160-тан аса адам қаза тапты. Полиция күдікті ретінде билет сатушылар мен мердігерлерді қосқанда тоғыз адамды қамауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Gazeta.ru-ға сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларын қарау барысында көпірді екі жаққа шайқаған бір топ жасты байқаған.

Зардап шеккендердің бірі Эшвин Мехра да адамдар көпірді шайқамақ болғанын айтқан.

"Көпірді шайқаған 20-25 жас аралығындағы 15-20-ға жуық жігіт жүрді. Біз көпірдің шайқалғаны туралы дыбыстар естідік, кейін көпірдің сымы үзілді", - деді ол.

Полицияның жоғары лауазымды шенеунігі тоғыз адам, оның ішінде басшылық қызметкерлері, кассирлер және үш күзетші көпірдегі адамдарды бақылай алмағаны үшін қамауға алынғанын айтты. Ұсталғандар арасында нысанды жөндеуге келісім-шарт алған екі адам да бар. Ол қамалатын адамдар тағы да болуы мүмкін екенін айтты.

Жергілікті шенеуніктер көпірге жауапты компанияның билікке оның жөндеуден кейін қайта ашылатыны туралы хабарламағанын, қоғамдық пайдалануға жарамдылық сертификаты берілмегенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети