Үндістанның Әуе күштері қорғаныс штабының басшысы мінген тікұшақ апатқа ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістанның Әуе күштері қорғаныс штабының басшысы мінген тікұшақ апатқа ұшырады Фото:facebook.com/IndiaToday

Үндістанның Әскери-әуе күштері Үндістан қорғаныс штабының басшысы Бипин Рават мінген әскери тікұшақтың елдің оңтүстігінде апатқа ұшырағанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістанның Әскери-әуе күштері Үндістан қорғаныс штабының басшысы Бипин Рават мінген әскери тікұшақтың елдің оңтүстігінде апатқа ұшырағанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Құтқару қызметінің мәліметінше, апат салдарынан кемінде үш адам қаза тапқан.

"63 жастағы қорғаныс штабының бастығы Кунур маңында ресейлік Ми-17В5 тікұшағымен апатқа ұшыраған. Аталған оқиғаға қатысты тергеу амалдары басталды", - деп жазды Үндістан әуе күштері Twitter-де.

Тікұшақта қанша жолаушы болғаны туралы нақты ақпарат жоқ. Алайда БАҚ хабарлауынша, бортта Раватты қосқанда 14 адам болған. Қорғаныс штабының жағдайы туралы ақпарат әлі жарияланбады. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр, қаза тапқандардың жеке басын анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети