Уоррен Баффетт бір күнде 4 миллиард доллардан айырылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© REUTERS/Rick Wilking © REUTERS/Rick Wilking

Америкалық миллиардер Уоррен Баффетке тиесілі Berkshire Hathaway инвестициялық компания бір күнде 4,3 миллиард доллардан айырылды, - деп хабарлайды CNBC арнасы

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Америкалық миллиардер Уоррен Баффетке тиесілі Berkshire Hathaway инвестициялық компания бір күнде 4,3 миллиард доллардан айырылды, - деп хабарлайды CNBC арнасы

Kraft Heinz тамақ өнімдері мен сусындарды өндіруші компанияның әлсіз қаржылық көрсеткіштері туралы хабарлама жариялаған соң және АҚШ бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясы (SEC) компанияның сатып алуларына тексеру жүргізу туралы шешім қабылдағаннан кейін миллиардердің қаражаты біршама қысқарды. 

21 ақпанда биржалық сауда барысында Kraft Heinz акциялары шамамен 20 пайызға құлдырады. Бұл бағалы қағаздардың 325 миллионына Berkshire Hathaway иелік етеді. 

Kraft Heinz компаниясы 2015 жылдың көктемінде Kraft Foods Group-пен H. J. Heinz қосылған кезде құрылған. Қазіргі уақытта бұл әлемдегі азық-түлік пен сусындарды өндіруші компаниялар рейтингінде бесінші орында тұр. 

2018 жылдың қазан айында Уоррен Баффетт жағдайы 88,3 миллиард долларға бағаланған еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro