Үрімжідегі лаңкестіктен жәбірленгендер арасында қазақстандықтар жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үрімжідегі лаңкестіктен жәбірленгендер арасында қазақстандықтар жоқ Қытай полицейлері шеп құрған. ©REUTERS

Үрімжі қаласындағы базарлардың бірінде болған терактіден қазақстандықтар зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмахановқа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үрімжі қаласындағы базарлардың бірінде болған терактіден қазақстандықтар зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмахановқа сілтеме жасап.

"Қазақстанның Қытайдағы дипломатиялық өкілдерінің ақпаратынша, Үрімжіде қаза болған және жәбірленгендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ", - деп хабарлады Н.Айтмаханов. 

Айта кетейік, Үрімжідегі лаңкестіктен 31 адам қаза болған. Жарылыстан 90-нан аса адам дене жарақатын алған. Қытай Халық Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі орын алған оқиғаны "тиянақты және қатал жасалған теракт" деп бағалады. Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин "лаңкестерді қатаң жазалауға" уәде берді. Куәгерлердің айтуынша, базар алдындағы Жэньминь саябағында жиналып тұрған жұртшылықтың қасына екі автокөлік келіп, ішінен белгісіз біреулер адамдарға қарай жарылғыш зат лақтырған. Бір автокөлік оқиға орнында жарылып кеткен.

Еске сала кетейік, Үрімжіде болған әуелгі теракт осы жылдың сәуір айында темір жол бекетінде орын алған болатын. Шамамен жарылыстан 50 адам түрлі дене жарақаттарын алған. Сонымен бірге 2014 жылдың 1 наурызында Куньмин қаласының темір жол вокзалында бетперде киген белгісіз біреулер адамдардың басын кесіп тастаған. Баскесерлер шамамен 10 шақты адам болған. Олар 28 адамды сойып тастаған. Тағы 130 адам жарақат алған. Олардың бесеуін полиция оқиға орнында атып тастаған. Одан кейін үш күдікті қолға түскен. Айта кетейік, ҚХР билігі болған жағдайға Қытайда тыйым салынған "Шығыс Түркістанның Ислам қозғалысынан" күдіктеніп отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети