Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Үрімжінің базарында болған жарылыстан 30-дан аса адам қаза тапты

22 Мамыр 2014, 13:06
0
Полицейлер орын алған жарылысқа қарай беттеп бара жатыр. Үрімжі. ©REUTERS
Полицейлер орын алған жарылысқа қарай беттеп бара жатыр. Үрімжі. ©REUTERS

Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр аутономиялық ауданы‎ның орталығы Үрімжі қаласының базарындағы жарылыстан кемінде 31 адам қаза болды, тағы 90-нан аса адам түрлі дене жарақаттарын алған, деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ құралдарына сілтеме жасап.

Қытай Халық Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі орын алған оқиғаны "тиянақты және қатал жасалған теракт" деп бағалады. Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин "лаңкестерді қатаң жазалауға" уәде берді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Үрімжі базарларының бірінде бірнеше жарылыс орын алған болатын. Куәгерлердің айтуынша, базар алдындағы Жэньминь саябағында жиналып тұрған жұртшылықтың қасына екі автокөлік басып келіп, ішінен белгісіз біреулер шығып, адамдарға қарай жарылғыш зат лақтырған, бір автокөлік сонда жарылып кеткен.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай