Үрімжінің базарында болған жарылыстан 30-дан аса адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үрімжінің базарында болған жарылыстан 30-дан аса адам қаза тапты Полицейлер орын алған жарылысқа қарай беттеп бара жатыр. Үрімжі. ©REUTERS

Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр аутономиялық ауданы‎ның орталығы Үрімжі қаласының базарындағы жарылыстан кемінде 31 адам қаза болды, тағы 90-нан аса адам түрлі дене жарақаттарын алған, деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ құралдарына сілтеме жасап.

Қытай Халық Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі орын алған оқиғаны "тиянақты және қатал жасалған теракт" деп бағалады. Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин "лаңкестерді қатаң жазалауға" уәде берді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Үрімжі базарларының бірінде бірнеше жарылыс орын алған болатын. Куәгерлердің айтуынша, базар алдындағы Жэньминь саябағында жиналып тұрған жұртшылықтың қасына екі автокөлік басып келіп, ішінен белгісіз біреулер шығып, адамдарға қарай жарылғыш зат лақтырған, бір автокөлік сонда жарылып кеткен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети