Үш жасар қызды зорлап өлтірген зорлықшы өлім жазасының алдында жылап тұрып жалынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үш жасар қызды зорлап өлтірген зорлықшы өлім жазасының алдында жылап тұрып жалынды © ouest-france.fr

АҚШ-тың Огайо штатында сотталушы Рональд Филлипс өлім жазасына кесілді. 43 жастағы Филлипс 1993 жылы өзінің танысының қызы үш жасар Шейла Мари Эвансты зорлап, өлтіргені үшін сотталған. Өлім жазасына кесілердің алдында ол қыздың туыстарынан жалынып кешірім сұрады, - деп хабарлайды L!FE.

Рональд Филлипстің өлім жазасының орындалуы сәтіне қыздың әпкесі мен апасы келген. Ол туыстарының осыншама жыл бойы зұлымдық әрекеттің зардабын шегіп келгендері үшін кешірім сұрады. "Шейла Мари жазықсыз еді. Ол енді қиналмайды, ол Құдайдың жанында", - деді Филлипс. 

Қылмыскерге өлім препараты егілген. Ол үндеу жариялағаннан кейін 10 минуттан соң қайтыс болған. Өлер алдында оның түскі асында үлкен пица, екі литрлік кола және құлпынайдан жасалған чизкейк болған.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети