Үш жасар қыз кездойсоқ жүкті анасын атып алды

20 Сәуір 2018, 10:55
0

Үш жасар қыз бала көлікте оқталған тапаншамен анасына оқ атқан. Дәрігерлер жүкті әйелдің өмірі үшін арпалысып жатыр. Олар АҚШ-тың Иллинойс штатындағы автотұрақтардың бірінде тұрған кезде оқ жүргізушінің орындығын тесіп өтіп, Шаник Томастың иығына тиген The Mirror.

Куәгерлердің айтуынша, қыз бала жарақатын ұстап, қатты айғайлаған. Басқа куәгерлер әйелдің көліктен шығып, көмек сұрағанын айтады. Шаник жүктіліктің алтыншы айында болған. 

"Мен қыздың құлағанын көрдім. Ол қансырап жатты. Асфальтқа құдды бір шелекпен қан шашқандай болды. Оның екі баласы жанында қарап тұрды", - дейді куәгер. 

Балалардың әкесі дүкеннен шыққанда, өз көзіне сенбеген. Полиция мәліметінше, ер адам тапаншаны автомобильдің ортасындағы консольға жасырып қойған. Қазіргі уақытта ол қамауға алынды, оған өмірге қауіп төндірді деген айып тағылды. 


© WGNO abc

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай