31 қаңтар 2022 16:51

Үш жасар қызын аюдың торына лақтырып жіберген әйелдің оқиғасы: істің мән-жайы айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Ташкентте үш жасар қызын зообақтағы аюдың торына лақтырған әйел күйзелісте болғаны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Ташкентте үш жасар қызын зообақтағы аюдың торына лақтырған әйел күйзелісте болғаны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Өзбекстанның отбасын қолдау министрлігі әйел қазіргі уақытта жұмыссыз екенін, оған және оның балаларына бірнеше рет әлеуметтік және заңгерлік көмек көрсетілгенін хабарлады.

"Азаматша З.Т екі баласымен бірге Ташкенттің Сергелий ауданындағы әкесіне тиесілі пәтерде тұрады. Ол жұбайының Ресейге кеткені әсерінен күйзеліске түскені белгілі болды", - деді агенттіктің баспасөз қызметі өкілдері.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаға қатысты тергеуді жалғастырып жатыр.

"Зардап шеккен қызға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деп толықтырды баспасөз қызметі өкілдері.

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, кішкентай қыз ми жарақатын алып, ми шайқалу диагнозы қойылған. Қазіргі уақытта жағдайы бірқалыпты.

Еске салайық, бұған дейін Ташкент хайуанаттар бағының баспасөз қызметі 28 қаңтарда әйел өз қызын аюы бар қоршауға лақтырғанын хабарлаған болатын. Аю қызға тиіспеген, бүлдіршін бес метр биіктіктен құлаған. Прокуратура органдары анасына қатысты "Қасақана кісі өлтіруге оқталу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады, онда кемінде 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Кейін әлеуметтік желілерде бақылау камерасынан видео тарады, онда анасы баланы Ташкент хайуанаттар бағындағы аю жатқан қоршауға тастаған сәт бейнеленген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Алматыда нөсер жауады

Валюта бағамы

 471.89   490.7   5.39 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети