19 шілде 2014 | 12:24

Ұшақ апатына байланысты Малайзияда қаралы күн жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Malaysia Airlines Boeing 777 ұшағы құлаған жер ©REUTERS Malaysia Airlines Boeing 777 ұшағы құлаған жер ©REUTERS

 Малайзияда Malaysia Airlines әуе компаниясының Boeing ұшағының апатқа ұшырауына байланысты қаралы күн жарияланды, деп хабарлайды баспасөз құралдары.


Иконка комментария блок соц сети

 Малайзияда Malaysia Airlines әуе компаниясының Boeing ұшағының апатқа ұшырауына байланысты қаралы күн жарияланды, деп хабарлайды баспасөз құралдары.

Малайзияның барлық мемлекеттік тулары сенбіден дүйсенбіге дейін төмен түсіріледі. Елдің премьер-минситрі  Наджиб Тун Разак осындай бұйрық берді. Сондай-ақ ол парламентті жедел түрде осы апатты талқылау үшін кезектен тыс отырыс жасауға шақырды. Парламенттің кезектен тыс отырысы келесі аптада 23 шілдеде болады деп күтілуде. 

Малайзиядағы әкімшілік ғимараттарға, сауда орталықтарының, метро станцияларының сыртына  қаза  тапқандардың туыстарына көңіл айтулар ілінді. Сондай-ақ барлық ойын-сауық шаралары кейінге шегерілді,  Google өзінің малайзиялық сайтында қаза тапқандардың рухына арнап шам жақты. 

Малайзия премьері әлемдегі мұсылмандарға, олардың қандай саяси көзқараста екеніне қарамастан барлығына қаза тапқандардың рухы үшін жалбарынуды өтінді.  Естеріңізге сала кетейік,  Google Украинаның маңында қағып түсірілген болатын. Ұшақ бортындағы барлық жолаушылар қаза тапты. 

Олардың арасында "Қашағанның" бұрынғы қызметкері отбасымен болған. 

Бүгінде тергеу жұмыстар жүріп жатыр. Тиісті органдар кім қандай мақсатпен жолаушылар ұшағын атқанын анықтауға тырысуда. Айта кету керек, қазақстандық әуе компаниясының ұшақтары да уақытша Украинаның үстімен ұшуды тоқтатты. "Эйр Астана" компаниясы басшылығы Ресей авиациялық билігі рұқсат бергеннен кейін ғана Украина маңынан ұшуға болатынын айтты.  

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети