20 шілде 2014 | 18:34

Ұшақ апатынан кейін Malaysia Airlines компаниясының болашағы күмәнді

ПОДЕЛИТЬСЯ

17 маусымда Амстердам-Куала-Лумпур бағдарында ұшып шыққан Боинг-777 ұшағының апатынан кейін Malaysia Airlines акцияларының құны 11 пайызға төмендеді, деп жазады Теngrinews.kz тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

17 маусымда Амстердам-Куала-Лумпур бағдарында ұшып шыққан Боинг-777 ұшағының апатынан кейін Malaysia Airlines акцияларының құны 11 пайызға төмендеді, деп жазады Теngrinews.kz тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап.

Ұшақ апатынан кейін Батыс, Украина және Ресей арасындағы қатынастарды ушықтыруы мүмкін деген күдікпен көптеген азиялық биржалар төмендеумен аяқталып отыр. Алайда, "Малазиялық әуе желілері" үшін бұл апат бір жылдың ішінде екінші мәрте тіркелген төтенше оқиға. Сегізінші наурыз күні MH370 рейсі жоғалып кетіп, күллі әлем іздегенімен сол күйі хабарсыз кеткен болатын. 

Қазір осы оқиғалардың негізінде компанияның біржола күйреп кету мүмкіндігі жайында көп пікірлер айтылуда."Бұл оқиғаны кездейсоқтық деген күннің өзінде ұлттық әуе компаниялардың тарихында бірнеше айдың ішінде бірден екі жалпақ фюзеляжды екі бірдей әуе кемесінен айырылу оқиғасы болған емес. Бұл жағынан үкімет тарапынан мақсатты және салмақты қолдау қажеттілік етуде", - деп отыр  Malaysia Airlines компаниясымен жұмыс істейтін DVB банкінің өкілі Бертран Грабовски. Аталған компания бірнеше жылдан бері шығынды болған. Ал соңғы 9 айда оның нарықтық бағасы 40 пайыздан астам деңгейге төмендегені байқалды.

Қазіргі уақытта сарапшылардың пікірі бойынша, соңғы апаттан кейін компанияның беделі одан сайын түсіп кетіп отыр. Бұл жағдай компания үшін ауыр болып, жағдайын одан сайын нашарлатып жіберуі бек мүмкін.

Malaysia Airlines компаниясына тиесілі Boeing-777 Украинаның Донецк облысы аумағында апатқа ұшырағаны белгілі. Соның кесірінен, борттағы 298 адам бірден мерт болды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.51   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети