26 тамыз 2021 | 09:27

Ұшақ бортында дүниеге келген ауған қызына ерекше есім берілді

Фото: РИА Новости

Ауғанстаннан эвакуация кезінде америкалық әскери ұшақтың бортында дүниеге келген қыздың ата-анасы оған ұшақтың атын берді, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ауғанстаннан эвакуация кезінде америкалық әскери ұшақтың бортында дүниеге келген қыздың ата-анасы оған ұшақтың атын берді, - деп хабарлайды РИА Новости

Нәрестеге Рич деген есім қойылды. 

"Рамштайн базасына ұшып бара жатқан С-17 бортында туған баланың ата-анасымен сөйлестік, олар қызына Рич деген ат қойды. Себебі оларды Катардан Рамштайнға жеткізген C-17 шақыру белгісі Reach болды", - деді Уолтерс.

Реклама
Реклама

Бұған дейін ауған әйел АҚШ әуе күштерінің эвакуация рейсінде босанғаны хабарланған болатын. Ұшу кезінде әйелді босандыруда қиындықтар болған. Ұшақ командирі борттағы ауа қысымын жоғарылату үшін биіктікті төмендеткен. Бұл жағдайды тұрақтандыруға және ананың өмірін сақтауға көмектескен.

Жалпы, Ауғанстандағы эвакуация кезінде үш бала ұшақта дүниеге келгені хабарланған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная