24 тамыз 2021 16:50

Ауғанстандағы эвакуация кезінде үш бала ұшақта дүниеге келген

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Ауғанстаннан адамдарды эвакуациялау кезінде ұшақта үш бала дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.


Ауғанстаннан адамдарды эвакуациялау кезінде ұшақта үш бала дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

АҚШ-тағы Көлік қолбасшылығы бастығы генерал Стив Лайонс әйелдер бортта босанған бірнеше жағдай туралы айтып берді. Ол эвакуацияланған адамдар ұшаққа отырар алдында медициналық тексеруден өтетінін айтты.

"Әр рейсте дәрігерлер бар. Медициналық тексеру - тіркеу және отырғызу рәсімінің бір бөлігі. Германиядағы Рамштайн базасына ұшақ қонар кезде бортта нәресте дүниеге келді деген хабар мені қатты тебіретті. Эвакуациялық рейстер кезінде әйелдер босанған жағдайлар кездеседі", - деді ол.

Олардың нақты саны туралы сұрақ қойғанда, генерал соңғы мәлімет бойынша, Ауғанстаннан адамдарды эвакуациялау кезінде үш бала үшақта дүниеге келгенін айтты.

Бұған дейін ауған әйел АҚШ әуе күштерінің эвакуация рейсінде босанғаны хабарланған болатын. Ұшу кезінде әйелді босандыруда қиындықтар болған. Ұшақ командирі борттағы ауа қысымын жоғарылату үшін биіктікті төмендеткен. Бұл жағдайды тұрақтандыруға және ананың өмірін сақтауға көмектескен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети