Ұшақтан құлаған адамдар. "Талибан" өкілі АҚШ-ты кінәлады

"Талибан" (Жоғарғы сот шешіміне сәйкес қозғалысқа Қазақстанда тыйым салынған) қозғалысының өкілі Сухейл Шахин Кабул әуежайындағы эвакуация кезінде адамдар қаза болуына АҚШ жауапты екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бұл мәлімдемесін ол Sky News телеарнасына берген сұхбатында айтты. 

"Америкалықтар қауіпсіздікті ойлауы керек еді, сол адамдар әуежайға кіруіне жол бермеу керек еді, ал біздің күштер онда болмады. Біздің жауапкершілігіміз емес. Олар жауап берді, олардың ұшағы, біздің емес", - деді Сухейл Шахин.

Реклама
Реклама

Қозғалыс өкілінің айтуынша, тәліптер "әуежайдағы қауіпсіздікпен айналыса бастағанда мұндай оқиғалар болмаған".

Мұның алдында БАҚ-та Кабул әуежайынан ұшып шыққан америкалық ұшақтан құлаған адамдар түсірілген видео жарияланған еді. Олар Ауғанстаннан кеткісі келген адамдар делінді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама