Ұшы-қиыры жоқ соғыстан шаршадым - Трамп

21 Маусым, 15:24
0
Ұшы-қиыры жоқ соғыстан шаршадым - Трамп - © GQ
© GQ

АҚШ президенті Дональд Трамп ұшы-қиыры жоқ соғыстан шаршағанын айтты. Бұл туралы ол Ақ үйде Канада премьер-министрі Джастин Трюдомен кездесу кезінде айтқан, - деп хабарлайды "Лента.ру".

Мемлекет басшысы "шексіз соғыстардан" шыққысы келетінін және осы бағытта агитация жүргізгенін атап өтті. Америкалық көшбасшы Сириядан әскерді шығару процесін еске салды және Ауғанстандағы әскердің санын қысқарту керектігін айтты. 

Алайда, Трамп Иранның америкалық ұшқышсыз аппаратты құлатуын жаңа мәселе туындағанын мәлімдеді. 

Осыған дейін, АҚШ президенті Тегеран кездейсоқ ұшқышсыз ұшу аппаратын құлатуына байланысты қателесуі мүмкін екенін айтқан, алайда Вашингтон мұны жылы жауып қоя салмайтынын ескертті. Журналистің АҚШ бұл жағдайда қандай әрекетке барады деген сұрағына, Трамп былай деп жауап берді: "Көресіздер".

Айта кетейік, 20 маусымда Ислам революциясы корпусының әскери-әуе күштері америкалық ірі RQ-4 Global Hawk ұшқышсыз аппаратты құлатқанын жариялады. Оның қанаты 35 метрге дейін жетеді, ал ұзындығы - 13,3 метр, салмағы шамамен 15 тонна. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай