Үйлену тойына тікұшақпен шыққан қалыңдықтың апатқа ұшыраған видеосы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үйлену тойына тікұшақпен шыққан қалыңдықтың апатқа ұшыраған видеосы пайда болды

Желіде Бразилияның Сан-Паулу қаласына неке қиюға бара жатқан кезде апатқа ұшыраған тікұшақтың ішінде түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды L!FE.ru.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Бразилияның Сан-Паулу қаласына неке қиюға бара жатқан кезде апатқа ұшыраған тікұшақтың ішінде түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды L!FE.ru.

Порталдың мәліметінше, оқиға өткен жылдың желтоқсанында болған. Бортта қалыңдық, ағасы, пилот және фотограф болған, қалыңдық жүктіліктің алтыншы айында болған. Ешқайсысы да бұл апаттан тірі қалмаған.

Daily Mail мәліметінше, Насимента Силва бала кезінен ертегідегідей той жасап, тұрмысқа шығуда армандаған. Сол армандарының ішінде неке қию рәсіміне тікұшақпен ұшып келу болған. Алайда оның бала арманы қайғыға ұласты. Қалыңдық кешіге бастағанда күйеу жігіт пен қонақтар алаңдаған. 

Тосынсый жайлы 300 қонақтың алтауы ғана біліпті. Сондықтан, апат жайлы естіген жұрт аң-таң болған. Тікұшақ той өтетін жерден бір шақырым қашықтықта құлаған. 


Оқиға орнында түсірілген сурет. ©GLOBAL LOOK press/Str.


Насимента Силва мен оның күйеуі

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course down  603.27  course down  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети