Үйлену тойында қалыңдығын ұрған ер адамға сот шешімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үйлену тойында қалыңдығын ұрған ер адамға сот шешімі шықты Фото: gazeta.uz

Өзбекстанда қалыңдығын ұрып жіберген ер адамды сот жазаламайтын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Газета.uz" сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстанда қалыңдығын ұрып жіберген ер адамды сот жазаламайтын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Газета.uz" сайтына сілтеме жасап. 

Әкімшілік іс "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша ашылды. Сот әйелдің шағымдары мен наразылығының болмауына байланысты жаза қолданбады.

Ер адам кешірім сұрап, мұндайды енді қайталамауға уәде берді. 

"Өзімді ұстай алмай қалдым. Мәселе шешілді, үйлену тойы жалғасты. Мен қалыңдығымнан кешірім сұрадым. Енді бұл қайталанбайды", - деді ол.

Басылым Meaning yurtim арнасының телесюжетіне сілтеме жасап, жұп бір жыл бұрын атастырылғанын хабарлады. Олар 10 мамырда АХАЖ-ға өтініш беріп, неке туралы куәлігін 15 маусымда, үйлену тойынан 9 күн өткен соң алған.

Видеода қалыңдықты сахнадан алып шыққан анасы телеарнаға берген сұхбатында күйеубаланың туыстарынан кешірім алғаннан кейін үйлену тойы жалғасқанын айтты. Сюжетте қызына қоңырау шалып, олар жақсы өмір сүріп жатқанын айтады.

Еске салайық, Өзбекстанда күйеу жігіт үйлену тойында конкурстан жеңіліп қалып, қалыңдығын ұрып-соққан болатын. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарап кеткен. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети