Үйлену тойында түсірілген фото қалыңдықта қатерлі ісік бар екенін көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үйлену тойында түсірілген фото қалыңдықта қатерлі ісік бар екенін көрсетті Фото: Мадлен Кирке-Смиттің жеке архивінен

Жаңа Зеландия тұрғыны Мадлен Кирке-Смит үйлену тойында түсірілген суреттің көмегімен сүт безінің қатерлі ісігіне (рак) шалдыққанын білді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа Зеландия тұрғыны Мадлен Кирке-Смит үйлену тойында түсірілген суреттің көмегімен сүт безінің қатерлі ісігіне (рак) шалдыққанын білді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Қалыңдық тойда түсірілген суреттерді алған. Ол фотоларды көрген кезде кеудесінің тұсында үлкен ісік пайда болғанын көріпті.

Келесі күні Мадлен Кирке-Смит дәрігерге барған. Ол әйелге қатерлі ісік диагнозын қойған.

Кирке-Смит бірнеше жыл бұрын кеудесіндегі өзгерісті байқағанын мойындады. Алайда сол уақытта дәрігер оған дұрыс диагноз қоймапты.

"Жақында химиотерапияның соңғы сессиясын аламын. Шілдеде маған қосарланған мастэктомия (сүт безін алып тастау операциясы) жасалады. Мен мұның қалай алдын алуға болатынын білмеймін", - дейді ол.

Оның пікірінше, жас әйелдердің сүт безінің қатерлі ісігі туралы статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, аурудың диагнозы дұрыс қойылмаған. Сонымен қатар, дәрігер тіндер биопсиясын дұрыс жасамаған.

Кирке-Смит дәрігерлердің кәсіби стандарттарын өзгерту туралы шағым түсірді. Қазір ол өзін жақсы сезінетінін, ем қабылдап жатқанын айтады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети