Вагит Алекперов "Лукойл" басшысы қызметінен кетеді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вагит Алекперов "Лукойл" басшысы қызметінен кетеді Фото ©РИА Новости

Вагит Алекперов "Лукойл" компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі, президент ретіндегі өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вагит Алекперов "Лукойл" компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі, президент ретіндегі өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

""Лукойл" президенті және директорлар кеңесінің мүшесі В.Ю. Алекперов компаниядағы өкілеттіліктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайтынын хабарлады, – делінген материалдарда.

Компанияның директорлар кеңесінің төрағасына тиісті хабарламалар жіберілгені атап өтілді.

2022 жыл 31 наурыздағы жағдай бойынша, Алекперов "Лукойл" акцияларының 3,12 пайызына ие болды және компанияға билік етті. 

"Лукойл" - Ресейдегі мұнай өндіру көлемі бойынша екінші орында тұрған ресейлік мұнай компаниясы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети