Мейсон өңірінің билігі (Вашингтон штаты) АҚШ мемлекеттік департаментіне Белфейрде өлтірілген балалардың Қазақстан тумалары немесе тумалары емес екенін анықтау үшін сауал жолдады, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті шериф орынбасары Райан Сперлингке сілтеме жасап.
"Біз мемлекеттік департаментке сауал жолдадық, бірақ әзірше жауап алмадық... Сауал ол балалардың Қазақстаннан асырап алынғаны жөнінде білу үшін жолданды", - деді ол.
Айта кетейік, Вашингтон штатындағы Белфейр қаласында белгісіз біреу екі баланы, әйелді және бір жігітті атып тастады, кейін өзін-өзі атты. Қаза болған балалардың бірінің аты Тори Карлсон, 1997 жылы туған, екіншісі - Куинн Карлсон, 1999 жылғы. Балаларды өлтіруге ненің себеп болғаны белгісіз.
Кейін ол балалардың Қазақстаннан асырап алынулары мүмкін екені жайлы ақпарат тарады. ҚР Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты тексеріп жатыр.