Венада Иранмен ядролық келісім бойынша келіссөздер қайта жалғасты

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Венада Иранмен ядролық келісім бойынша келіссөздер қайта жалғасты Фото ©REUTERS

Венада Иранның ядролық бағдарламасы бойынша бірлескен кешенді іс-қимыл жоспарын (JCPOA) қалпына келтіруге бағытталған келіссөздің кезекті раунды басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Венада Иранның ядролық бағдарламасы бойынша бірлескен кешенді іс-қимыл жоспарын (JCPOA) қалпына келтіруге бағытталған келіссөздің кезекті раунды басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Тегеран мен Вашингтон арасындағы жанама келіссөздерден кейін Иранның ядролық мәселелері жөніндегі бас келіссөзшісі Әли Багери Кани мен Венадағы келіссөздерді үйлестіруші Еуроодақ өкілі Энрике Мораның кездесуі өтті.

Иран АҚШ-пен тікелей келіссөз жүргізуден бастартқандықтан, Мора Әли Багери Кани мен АҚШ-тың Иран бойынша арнайы өкілі Роб Маллимен қарым-қатынас орнатады.

Багери Кани қалған күрделі мәселелерді шешуде икемділік жоқтығын білдіріп, америкалық тарап кемелдік танытып, жауапкершілікпен әрекет ету керек деп мәлімдеді.

"Біз Иранның келісімге келуін мәңгі күтпейміз. Мәміле келіссөздер үстелінде жасалады. Олар оны қабылдауы керек", - деді Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік өкілі Джон Кирби. 

Тегеран да, Вашингтон да келіссөздердің осы раундындағы серпіліс мүмкіндігін төмендетсе, Еуропалық Одақтың сыртқы саясат басшысы Жозеп Боррель бұдан әрі елеулі ымыраға келуге мүмкіндік жоқ деп ескертті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети