Венада мыңдаған адам COVID-19 шектеулеріне наразылық білдірді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Венада мыңдаған адам COVID-19 шектеулеріне наразылық білдірді фото: © AFP 2021 / Alex Halada

Сенбі, 20 қарашада Венада 35 мыңға жуық адам коронавирусқа байланысты шектеу шараларына қарсы екендерін айтып наразылыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенбі, 20 қарашада Венада 35 мыңға жуық адам коронавирусқа байланысты шектеу шараларына қарсы екендерін айтып наразылыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Австрия канцлері Александр Шалленберг коронавирусқа байланысты тағы локдаун жариялағаннан кейін тұрғындар Вена көшелеріне наразылық акциясын ұйымдастырды. Осыған дейін Австрия билігі 2022 ақпанынан бастап жалпыға бірдей міндетті вакцинация енгізілгенін мәлімдеген болатын.

Куәгерлердің айтуынша, наразылық кезінде бірнеше адам тұтқынға алынған. Шеруге шыққан бірнеше адам қауіпсіздік полициясына сыра құтыларын лақтырған.

Бұған дейін мыңдаған адам Сан-Сальвадор көшелеріне шығып, президент Найиб Букеле үкіметіне елде биткоинді заңды төлем құралы ретінде тануға қарсылық білдірген болатын. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары Сальвадор астанасындағы шеруге кем дегенде 4 мың наразылық білдіруші қатысқанын айтады. Қаланың бас алаңынан алыс емес жерде олар 40 жастағы президент бейнеленген қуыршақты өртеп жіберген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети