Венесуэла жарықсыз қалды. Мамандар диверсия жасалғанын хабарлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Венесуэла жарықсыз қалды. Мамандар диверсия жасалғанын хабарлады REUTERS/Ivan Alvarado©

Венесуэладағы 23 штаттың 21-інде, оның ішінде елдің астанасы Каракаста электр қуаты жаппай сөндіріле бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Венесуэладағы 23 штаттың 21-інде, оның ішінде елдің астанасы Каракаста электр қуаты жаппай сөндіріле бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, Каракаста электрмен жабдықтау жүйесінің бұзылуына байланысты метрополитен жолы тоқтап, ұялы байланыста кідірістер пайда болған.

Электр энергиясы бойынша Венесуэла ұлттық корпорациясы елдегі "Эль-Гури" су электр станциясына диверсия жасалғанын хабарлады. Станциядағы жағдайдың мән-жайы туралы ақпарат жоқ.

2016 жылы қаңтарда "Эль-Гури" қуаты бойынша әлемдегі үздік төрт станция қатарына енген болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети