Венесуэлада жер сілкінісінен сегіз күн өткеннен кейін тірі қалған адам табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Венесуэлада жер сілкінісінен сегіз күн өткеннен кейін тірі қалған адам табылды CNN

Венесуэлада жер сілкінісінен сегіз күн өткеннен кейін үйінділер астынан тірі қалған адам табылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.


Жағалаудағы Ла-Гуайра қаласында Эрнан Альберто Хиль Флорес есімді 43 жастағы ер адам құтқарылды. Ол 24 маусымнан бері "Галериас Плайя-Гранде" сауда орталығының жертөлесінде үйінді астында қалған.

Ер адам сауда орталығында күзетші болып жұмыс істеген және жер сілкінісі кезінде кезекшілікте болған. Жерасты дүмпулері кезінде Хиль Флорес өзінің күзет күркесінде болған, бұл оны үйінділерден қорғап, тірі қалуына қажетті оттегімен қамтамасыз еткен.

24 маусымда Венесуэлада екі мәрте жойқын жерасты дүмпуі болды. АҚШ Геологиялық қызметінің бағалауынша, біріншісінің магнитудасы 7,2-ні, ал екіншісінікі 7,5-ті құрады.

Соңғы мәліметтер бойынша, 2295 адам қаза тауып, тағы 11 267 адам жарақат алған. Сондай-ақ жүздеген тұрғын үй қирап, инфрақұрылым нысандары мен ауруханалар зақымдалды, елдің басты әуежайы жабылды.

Читайте также

Валюта бағамы

 472.03   540.58   6.07 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +16
Астана +23
Ақтау +29
Ақтөбе +25
Атырау +31
Б
Балқаш +24
Ж
Жезқазған +24
Қ
Қарағанды +21
К
Көкшетау +20
Қ
Қостанай +30
Қызылорда +30
П
Павлодар +20
Петропавл +25
С
Семей +17
Т
Талдықорған +29
Тараз +33
Түркістан +30
О
Орал +29
Ө
Өскемен +31
Ш
Шымкент +25

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер