Венгриядағы сайлау: Орбан жеңілгенін мойындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Венгриядағы сайлау: Орбан жеңілгенін мойындады Виктор Орбан және Петер Мадьяр. Фото: Anadolu Ajansı

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан ел парламентіне сайлауда жеңілгенін мойындайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол жексенбіде кешке Будапештте өткен жақтастарының митингінде айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Европейская правда" басылымына сілтеме жасап.


Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан ел парламентіне сайлауда жеңілгенін мойындайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол жексенбіде кешке Будапештте өткен жақтастарының митингінде айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Европейская правда" басылымына сілтеме жасап.

Орбан бұл мәлімдемені Ұлттық сайлау комиссиясының алғашқы мәліметтері еуропашыл консервативті оппозициялық "Тиса" партиясының пайдасына үлкен айырмашылықты көрсеткеннен кейін жасады.

"Сайлау нәтижелері әлі түпкілікті емес, бірақ түсінікті әрі айқын. Біз үшін бұл нәтиже ауыр әрі бірмәнді: бізге елді ары қарай басқаруға мүмкіндік берілмеді. Мен жеңіске жеткен партияны құттықтадым", - деді премьер-министр.

Өз кезегінде "Тиса" партиясының көшбасшысы Петер Мадьяр Дунай жағалауында өткен жақтастарының митингінде Орбан үкіметі дереу өкілеттігін тапсыруға тиіс екенін мәлімдеді.

"Мен үкіметті отставкаға кетуге шақырамын. Бізге өтпелі үкімет қажет", - деді Мадьяр. Кейінірек ол бұл сөзін қайталап: "Үкіметке үндеу тастаймын: қызметтен кету керек", - деді.

Мадьяр сайлаушылар алдына алдын ала есептеулер оның партиясы дауыстардың үштен екісін иеленетінін және алға шыққан үлесі ары қарайғы есептеулер барысында тек арта түсетінін көрсеткеннен кейін шықты.

Бұл саясаткерге тек жеңісін жариялап қана қоймай, жақтастарын оның партиясы Венгрияны "жаңарта" алатынына сендіруге мүмкіндік берді.

"Тиса мен Венгрия сайлауда жеңіске жетті. Үлкен, зор басымдықпен. Парламентте бізде үштен екі мандат болады, бұл бізге бейбіт түрде жүзеге асатын жеңіл трансформация жүргізуге мүмкіндік береді", - деді ол.

Сондай-ақ Мадьяр үкімет шенеуніктерінен өз іс-әрекетін жаңа билікпен үйлестіруді сұрады: "Егер қандай да бір шешім қабылдағыңыз келсе - менің нөмірімді білесіздер, маған қоңырау шалып, кеңесіңіздер".

Дауыс беру нәтижесі бойынша, Венгрия парламентіне үш партия өтеді - "Тиса", қазіргі билеуші "Фидес" партиясы және оңшыл радикалды ресейшіл "Ми Хазанк" ("Біздің Отанымыз").

Барлық венгриялық БАҚ-тың есептеуі "Тиса" партиясының конституциялық көпшілікке ие болатынын айғақтайды. Атап айтқанда, Atlatszo басылымы қазіргі мәліметтер бойынша "Тиса" 138 мандат алады, "Фидес" фракциясында 54 депутат, ал "Ми Хазанк" партиясында 7 депутат болады деп болжайды.

Венгрия парламентінде конституциялық көпшілікке ие болу үшін 133 дауыс жеткілікті.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 473.19   553.17   6.15 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети