Вьетнамда коронавирус өршіді - ДДҰ түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вьетнамда коронавирус өршіді - ДДҰ түсінік берді Фото: © Reuters

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Вьетнамдағы өкілі Кидонг Парк елдегі COVID-19 вирусының өршуіне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Вьетнамдағы өкілі Кидонг Парк елдегі COVID-19 вирусының өршуіне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Данангта анықталған вирус COVID-19-ға ұқсайды. Шілдеде бұл вирус басқа елдерге таралған болатын. Осыған қарамастан бұл вирус мутацияланған. Бірақ қатты алаңдауға негіз жоқ. Мәліметтер сәйкес, вирустың жұққыштығы мен қаупі өзгерген жоқ. Мутация барысында ауру қаупінің жоғарылағаны немесе төмендегені туралы дәлел жоқ", - дейді Кидонг Парк.

Ол Вьетнамда анықталған коронавирустың штамы басқа елдердікіне ұқсас екенін атап өтті.

Кидонг Парк Вьетнам билігінің COVID-19 вирусымен тиімді күрес жүргізіп жатқанын атап өтіп, тұрғындарға пандемия кезінде жеке бастың тазалығын, арақашықтықты сақтап, қолды жиі жуып жүруге кеңес берді.

Айта кетейік, пандемия басталғалы бері Вьетнамда 446 адам коронавирус жұқтырды. 365 науқас жазылды. Елде COVID-19 адам өлімі әзірше тіркелген жоқ.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети