21 ақпан 2014 | 10:40

Викингтер 22 ақпанда ақырзаман болады деп болжам жасапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рагнарок күніндегі құдайлар мен құбыжықтар шайқасы.  Википедиядан. Рагнарок күніндегі құдайлар мен құбыжықтар шайқасы. Википедиядан.

Скандинавия мифологиясына сәйкес 22 ақпан, сенбі күні құдайлар мен құбыжықтардың соңғы соғысының нәтижесінде әлем апокалипсиске ұшырамақ. Daily Mail газетінің жазуынша, ақырзаманның нақты күнін ағылшындардың Иорк қаласында викингтерді зерттеу орталығында анықтаған. Аңыз бойынша Рагнорок (ақырзаман) туралы скандинавия мифологиясының кейіпкері Вельва айтып кеткен деседі. Ақырзаман туар алдында жер бетін қанды қақатығыстар, моральді хаос, азғындық жайлайды делінген. Апокалипсистің тағы бір белгісі үш жылға созылатын қыс туралы айтылады. Аңызға сәйкес ақырзаманның соңғы күні құбыжық қасқыр Фенрир күнді жұтып қояды да, әлемді қара түнек басады. Одан кейін теңіздің тереңінен Ермунганд деген жылан шығып, теңіз суы жер бетіне жайылады.Сурт атты отқа оранған алып жер бетін өзінің отты қылышымен жағып жібереді. Жер асты құдайы Хель және от құдайы Локи алыптармен бірге шығады. Хельхеймнен өлілер кемесі Нагльфар жүзіп келеді. Один бастаған, Валгалл әскерлері қостаған барлық құдайлар құбыжықтарға қарсы соғысады. Вигридр жазығында болатын соңғы шайқаста мейірім мен қатігездік бірін-бірі жеңе алмайды. Сол кезде Сурт деген алып өзінің барлық отты күшін жерге жіберіп, түнек пен жарықтың соғысына нүкте қояды. Бүкіл әлем қирағаннан кейін қайта жаңа тіршілік оянады. Асгарда мекенінің кейбір тіршілік иелері және екі адам тірі қалады. Осы адамдардан адамзаттың ұрпағы жалғасады. Айта кету керек, соңғы жылы азамзат екі "ақырзаманнан" аман қалды. Оның бірі майя күнтізбесі бойынша 2012 жылдың 21 желтоқсанына сәйкес келді, Тағы бірі оның алдында 2000 жылдың 1 қаңтарында болады делінген еді. Сол кезде жер беті екінші айдың пайда болуына орай ақырзаманға ұшырайды делінген болатын.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети