Виктор Янукович қызметінен кетуден бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Украина президентінің кеңесшісі Анна Германның мәлімдеуінше, Виктор Янукович қызметінен кетуден бас тартты" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап. Германның айтуына қарағанда, Виктор Януковичтің видеоүндеуі интернетке салынады. Виктор Янукович Украинадағы жағдайды "мемлекеттік төңкеріс" деп атады. "Мен елде қан төгіс болмауы үшін қолдан келгеннің бәрін істеймін. Қазір маған адамдардың қудаланып жатқаны туралы мәліметтер келіп жатыр. Мен жұмыста қудалауға ұшыраған адамдарды қорғауға барынша күш салып жатырмын. Жұмысқа, мектепке бара жатқан адамдардың қаны төгілуіне жол бермеймін. Мені қорқытып, өз еркіммен қызметтен кетуге мәжбірлемекші. Бірақ мен қызметтен кетпеймін»-деген Виктора Януковичтің сөздерін Герман жеткізді. Сондай-ақ, Виктор Янукович Украинада лаңкестік әрекет жасап жатқан "бандиттермен" келіспейтінін, ештеңеге қол қоймайтынын айтады. Ол, «Мен бүкіл Украинада бүлік жасап, халыққа қарсы лаңкестік әрекет жасап жатқан "бандиттермен" келіспеймін, ештеңеге қол қоймаймын» деді. Оған қоса, Виктор Янукович халықаралық қауымдастықты Украинадағы радикалдық іс-әрекеттерді тоқтатуға шақырды

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети