24 қыркүйек 2018 | 09:34

Виктория көліндегі паром апаты: Қаза тапқандар саны 225 адамға жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Танзаниядағы Виктория көліндегі жолаушылар паромы апатынан қаза тапқандардың саны 225 адамға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Танзаниядағы Виктория көліндегі жолаушылар паромы апатынан қаза тапқандардың саны 225 адамға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін 209 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын. Жергілікті БАҚ мәліметінше, 22 қыркүйек кешке тағы ондаған адамның денесі табылған, тағы жеті адам 23 қыркүйек таңертең табылды.

Еске сала кетейік, 20 қыркүйекте Юкора аралынан 50 метр жердегі айлақта паром аударылды. Кейбір деректер бойынша, бортта шамамен 400 адам болған, ал паромға мұнша көп адам отырғызуға болмайды. Сонымен қатар, кеме жүк тиеп алған, олардың арасында жүгері тола қаптар, банан мен цемент болған.

Апаттың себебі кемені басқару кезінде бірден бұрылу болуы мүмкін, соның салдарынан ол аударылып қалған. БАҚ мәліметінше, тірі қалғандардың айтуынша, кемені басқарған адам ұялы телефонмен сөйлесіп тұрған және ол айлаққа дұрыс емес жақтан кіре бастаған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети