Винницадағы әуежай толық жойылды - Зеленский

ПОДЕЛИТЬСЯ

Винницадағы әуежай толық жойылды - Зеленский

Украина президенті Владимир Зеленский Винница маңындағы әуежай Ресей әскери күштері ұшырған зымыран соққысынан кейін толығымен қирағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды УНИАН.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина президенті Владимир Зеленский Винница маңындағы әуежай Ресей әскери күштері ұшырған зымыран соққысынан кейін толығымен қирағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды УНИАН.

"Маған қазір ғана Винницада зымыран соққысы жасалғаны айтылды - 8 зымыран. Біздің бейбіт Винницамыздың Ресейге ешқандай зияны жоқ еді. Зымыран соққысы қатты болды, әуежай толығымен қиарды. Олар біз, ата-анамыз, ата-әжелеріміз, украиналықтардың ұрпағы құрған инфрақұрылымымызды, өмірімізді жойып жатыр", - деді Зеленский видеоүндеуінде.  

Ол күнде Украина аспапында тыныштық болғанын сұрайтынын айтты. 

"Барлық ресейлік зымыран, ресейлік авиация, барлық террорист үшін жабыңыздар. Гуманитарлық әуе аймағын зымырандарсыз, әуе бомбаларынсыз жасаңыздар. Біз - адамбыз және адамдарды қорғау - сіздердің гуманитарлық міндеттеріңіз, ол сіздердің қолдарыңыздан келеді. Егер оны жасамасаңыздар, өзімізді қорғау үшін ұшақ бермесеңіздер тек бір қорытындыға келеміз - демек сіздер де ақырындап біздің көзімізді жоя бастағанын қалайсыздар. Бұл дүние жүзі саясаткерлерінің де, батыс басшыларының да жауапкершілігі. Бүгіннен бастап және біржола", - деді Зеленский.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети