1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Вирусолог омикрон штамының үш ерекше белгісін атады 09 желтоқсан 2021, 09:07

Новосибирск мемлекеттік университетінің бионанотехнология, микробиология және вирусология зертханасының меңгерушісі Сергей Нетесов омикронның
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: krasclinic Фото: krasclinic

Новосибирск мемлекеттік университетінің бионанотехнология, микробиология және вирусология зертханасының меңгерушісі Сергей Нетесов омикронның басқа штамдардан қандай белгілермен ерекшеленетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Gazeta-ға сілтеме жасап.

Вирусологтың айтуынша, омикронды басқа COVID-19-дан ерекшелейтін бірқатар белгілері: жиі түшкіру, тамақ ауруы және мұрынның ағуы. Ғалымның айтуынша, бұл белгілер коронавирустың "ухань" нұсқасына тән емес.

Нетесов омикрон белгілерінің көпшілігі басқа нұсқалармен салыстырғанда жеңіл өтетінін айтты. Маман жаңа штамм туралы мәліметтер африкалық дәрігердің бақылауынан алынғанын және басқа елдердің ақпаратын күту керектігін де айтты.

"Бұл нұсқа "дельтаны" ығыстыруы мүмкін, соңын күтуіміз керек", - деді вирусолог, жаңа штамм жұқтырған науқастарға COVID-19-ға қарсы вакцина салынбағанын да сөзге тиек етті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram