Вирусологтар "кентавр" штамының қаупі туралы айтты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вирусологтар "кентавр" штамының қаупі туралы айтты

Гамалея эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, вирусолог Анатолий Альтштейн жақында ғана табылған омикрон штамының "кентавр" деп аталған кіші түрінің қауіптілігін бағалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Комсомольская правда" радиосына сілтеме жасап. 

"Көп елге дүрбелең тудырған BA.5 вирусы аяқталуға жақын. Қазір күніне бір миллионға жуық жағдай тіркеліп жатыр, бұл қаңтар және ақпан айларымен салыстырғанда айтарлықтай аз. "Кентавр" бізге де жетуі мүмкін, бірақ мен оны өте ауыр болады деп айта алмаймын", - деді маман.

Еске салайық, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ғалымдары оңай мутацияға ұшырайтын және тез таралатын омикронның жаңа түрін анықтады.

"Кентавр" деп аталатын коронавирустың жаңа түрі 2022 жылдың мамыр айында Үндістанда табылды. Содан бері вирус оннан астам елге, соның ішінде Ұлыбритания, АҚШ, Аустралия, Германия және Канадаға тарады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети