22 желтоқсан 2021 09:52

Вирусологтар вакцинация COVID-19-дан болатын өлім жағдайын қаншалықты азайтатынын айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
©REUTERS

Коронавирусқа қарсы вакцинация инфекциядан болатын өлім жағдайын шамамен 80 пайызға азайтады. Бұл туралы вирусолог, Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Энгельгардт атындағы молекулярлық биология институтының жасушалық пролиферация зертханасының меңгерушісі Петр Чумаков айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі URA.RU-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Зерттеу бойынша вакцина алған адамдарда өлім аз тіркелген. Сондай-ақ, вакцина созылмалы ауруы бар адамдарда өлімді айтарлықтай төмендетеді. "Спутник V" өлімге әкелетін жағдайларға қарсы тиімділігі 80 пайыз. Сондықтан, вакцина алу қажет. Антидене мөлшерін көбейтетін күшейткіш дозаны да салдыру керек", - деді Петр Чумаков басылымға берген сұхбатында.

"КЭГ" келісімшарттық-зерттеу компаниясының бас директоры, иммунолог, медицина ғылымдарының кандидаты Николай Крючков агенттікпен әңгіме барысында "Спутник V" вакцинасының тиімділігі шетелдік мРНҚ-вакциналарына ұқсас екенін айтты.

Реклама
Реклама

"Спутник V" препараты тиімділігі жағынан мРНҚ вакциналарына жақын. ДДСҰ Pfizer, Moderna вакциналарын ең тиімді вацина деп санаған болатын. Аденовирустық векторға қарағанда оларға жақын: AstraZeneca, Johnson & Johnson", - деді ол.

Иммунолог пікірінше, омикрон штамының келуі вакциналардың тиімділігін төмендетпейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram