26 мамыр 2014 | 09:24

Виталий Кличко Киев мэрі сайлауында алда келеді - exit poll

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир, Наталья (Виталидің жұбайы) және Виталий Кличко дауыс беруде. Фото: vk.com / vitaliy_klychko Владимир, Наталья (Виталидің жұбайы) және Виталий Кличко дауыс беруде. Фото: vk.com / vitaliy_klychko

"Удар" партиясының жетекшісі Виталий Кличко Киев мэрі сайлауында бәсекелестерін артқа тастап, оқ бойы озық шықты, деп хабарлайды "Украинская правда" "Савик Шустер Студия" exit poll-ының мәліметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"Удар" партиясының жетекшісі Виталий Кличко Киев мэрі сайлауында бәсекелестерін артқа тастап, оқ бойы озық шықты, деп хабарлайды "Украинская правда" "Савик Шустер Студия" exit poll-ының мәліметіне сілтеме жасап.

Exit poll таратқан мәліметте Виталий Кличко сайлаушылардың 57,4 пайыз дауысын жинаған. Сайлаудағы екінші орында 10,3 пайыздық көрсеткішпен Леся Оробец, 8,2 пайыз дауыс жинаған Киевтің қазіргі басшысы Владимир Бондоренко үшінші, Александр Омельченко 6,1 пайызбен төртінші, ал одан кейін Николай Катеринчук (5,2 пайыз), Андрей Ильенко (3,1 пайыз), Юрий Молчанов пен Геннадий Балашов (2,2 пайыздан) көш соңында келеді.

Бұған дейін хабарланғанындай, exit poll мәліметі бойынша Украинаның президенттік сайлауында 55,9 пайыз дауыс жинаған Петр Порошенко көш бастап келе жатқан болса, ал екінші орында Юлия Тимошенко 12,19 пайызбен екінші, үштікті 8 пайыздық көрсеткішпен Олег Ляшко қорытыншылаған.

Виталий Кличко осы жылы наурыз айының соңында кандидат ретінде Украина президенттігіне өз кандидатурасын ұсынбайтындығын жариялаған болатын. Ол уақытта атақты боксшы Украина президенттігіне негізгі үміткер ретінде Порошенконың есімін атаған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети