Виталий Кличко: "КСРО-ға оралғымыз келмейді"

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Виталий Кличко: "КСРО-ға оралғымыз келмейді" © euronews

Киев мэрі Виталий Кличко Euronews-ке берген сұхбатында украиналықтар еуропалық отбасының мүшесі болғысы келетінін және "КСРО-ға оралғысы келмейтінін" айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Киев мэрі Виталий Кличко Euronews-ке берген сұхбатында украиналықтар еуропалық отбасының мүшесі болғысы келетінін және "КСРО-ға оралғысы келмейтінін" айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Телеарна журналисі кейінгі апталарда Украинаға жоғары лауазымды тұлғалар мен әлемдік көшбасшылар келгенін еске салды. Олардың ішінде Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен бар, ол Украинаны Еуропа Одағына қабылдау процесін жеделдетуге уәде берген болатын.

"Бұл бір нәрсені өзгертті ме? Украина Еуропа Одағының мүшесі болса, бұл көмектесе алар ма еді" - деп сұрады ол.

"Украиналықтар демократиялық ел ретінде еуропалық отбасының бір бөлігі болғымыз келеді, бірақ Ресей Федерациясы біздің тілегімізді мойындамайды. Жасыратыны жоқ, Путин қайта Кеңес империясын құрғысы келеді. Сондықтан ол біздің еуропалық отбасының мүшесі болуымызға қарсы. Адам құқықтары - біздің басымдығымыз, демократия мен еуропалық стандарттар - біздің мақсаттарымыз. Біз бұған дейін КСРО-да болдық және КСРО-ға оралғымыз келмейді. Путин біздің тілегімізді мойындамайды", - деп жауап берді Кличко.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети