Владимир Жириновский қайтыс болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Жириновский қайтыс болды Фото ©РИА Новости

Ресей Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володин саясаткер Владимир Жириновский қайтыс болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Пятый канал" сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володин саясаткер Владимир Жириновский қайтыс болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Пятый канал" сайтына сілтеме жасап.

"Ауыр және ұзаққа созылған аурудан Владимир Вольфович Жириновский қайтыс болды", - деп жазды Володин Telegram-арнасына.

Ақпанның басында Ресей Либералдық-демократиялық партиясының (ЛДПР) басшысы Мәскеудің Орталық клиникалық ауруханасына жатқызылған болатын. Дәрігерлер саясаткерге өкпесінің 75 пайызы зақымданған деген диагноз қойған. Бірнеше күннен кейін оның жағдайы нашарлап, ауыр деп бағаланды. Кейін жасанды тыныс алу аппартына қосылған.

Жириновский 1946 жылы 25 сәуірде Қазақстанның Алматы қаласында дүниеге келген. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің шығыс тілдері факультетін түрік тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Сонымен қатар, Марксизм-ленинизм университетінің халықаралық қатынастар факультетінде оқыған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети