Владимир Зеленскийдің әйелі коронавирус жұқтырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Зеленскийдің әйелі коронавирус жұқтырды © instagram.com/olenazelenska_official

Украина президенті Владимир Зеленскийдің әйелі Елена коронавирус жұқтырды. Украина көшбасшысы мен балаларынан COVID-19 анықталмады, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина президенті Владимир Зеленскийдің әйелі Елена коронавирус жұқтырды. Украина көшбасшысы мен балаларынан COVID-19 анықталмады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бұған дейін Зеленский адамдарға өз мысалында "бұл оба емес" екенін көрсету үшін коронавирус жұқтырғысы келгенін мәлімдеген болатын. 

"Украина президентінің әйелі Елена Зеленскаяның COVID-19-ға тест нәтижесі оң болды. Елдің бірінші ханымы өзін жақсы сезінеді және ауру белгілері жоқ. Қазір Елена Зеленская амбулаторлық емдеуде, отбасы мүшелерінен оқшауланған. Украина президенті Владимир Зеленский мен балалар да тестілеуден өтті, олардың нәтижесі теріс",- делінген Telegram-дағы Украина басшысы кеңсесінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Баспасөз мәліметтері бойынша, Зеленская жұмыс кездесулері мен тұрмыста да карантин ережелерін сақтаған және денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарын қадағалаған, сондай-ақ қауіпсіздік хаттамасындағы талаптарға сәйкес, COVID-19-ға тест тапсырып отырған. Мысалы, маусымның басындағы тест нәтижесі теріс болған.

"Қай жерде және қашан жұқтырғаны әзірге белгісіз, эпидемиологиялық тексеріс жүріп жатыр. Барлық байланыста болған адамға вирус жұқтыру қаупі туралы дереу хабарланды. Оларға оқшауланынуға және мүмкіндігінше тест тапсыру ұсынылады", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети