24 желтоқсан 2017 09:34

Внуково әуежайында стюардесса ұшақтан құлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеудегі Внуково әуежайында "ЮТэйр" компаниясының ұшуға дайындалып тұрған ұшағынан стюардесса құлап кетті, - деп хабарлайды Рен ТВ.


Мәскеудегі Внуково әуежайында "ЮТэйр" компаниясының ұшуға дайындалып тұрған ұшағынан стюардесса құлап кетті, - деп хабарлайды Рен ТВ.

Телеарнаның мәліметінше, стюардесса есікті жауып, аяғы тайып кеткен, ол кемі үш метр биіктен бетонға құлады. Зардап шеккен қыз ес-түссіз халде ауруханаға жеткізілген.

Компанияның ішкі байланыстар жөніндегі бас маманы Анастасия Шуптардың айтуынша, ұшақ әуеге көтерілуге дайындалып тұрғанда, стюардесса артқы есікті жауып тұрып, аяғы тайып кеткен және перронға құлаған. "Ол жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Қолда бар мәліметтер бойынша, оған медициналық көмек көрсетіліп, ауруханадан шыққан", - деді ол.

Шуптардың мәлімдеуінше, әуе компаниясы оқиғаның себептерін анықтап жатыр және қызметкеріне барынша қолдау жасайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети