04 наурыз 2022 09:35

WhatsApp-та жаңа функция пайда болады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

WhatsApp қолданушылары әңгімелесушінің хабарламаларына реакция қалдырудың жаңа әдісіне ие болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


WhatsApp қолданушылары әңгімелесушінің хабарламаларына реакция қалдырудың жаңа әдісіне ие болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, көп ұзамай пайдаланушы хабарламаға реакцияны арнайы мәзір арқылы смайлик түрінде қалдыра алады. Оны ашу үшін хабарламаның оң жақ бұрышын басқанда пайда болатын көрсеткіні басу керек.

Хабарламаға жауап берудің балама нұсқасы компьютерлерге арналған мессенджер нұсқасында қолжетімді болады. Классикалық әдіс әңгімелесушінің хабарламасына қарама-қарсы реакция бар арнайы түйменің болуын қамтиды.

WABetaInfo порталы бұл опциялар мессенджердің бета нұсқасы үшін қолжетімді болатынын, қарапайым пайдаланушылар оны тиісті жаңартулардан кейін қолдана алатынын жазды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети