Хабаровскіде Ми-8 тікұшағы құлап, 6 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хабаровскіде Ми-8 тікұшағы құлап, 6 адам қаза тапты © РИА Новости / Игорь Агеенко

Хабаровскіде Ми-8 тікұшағы құлап, 6 адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хабаровскіде Ми-8 тікұшағы құлап, 6 адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, тікұшақ 11 сәуірде Мәскеу уақыты бойынша саға 4.30-да құлаған.

"Қаза тапқандардың денелерін анықтап, олардың туыстарымен психологиялық жұмыстар жүргізіледі", - деп жазады басылым өңірлік денсаулық сақтау министрі Александр Витькоға сілтеме жасап.

Сондай-ақ, тікұшақтың құлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны айтылады.

"Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің тергеу органдарының қызметкерлері Ми-8 тікұшағының құлау дерегі бойынша РФ Қылмыстық кодексінің 263-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады", - делінген хабарламада.

Қылмыстық істі тергеу аясында тікұшақтың құлауына қатысты оқиғаның мән-жайы анықталатыны айтылады. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети