Хашукджидің денесін Түркиядан шабаданмен алып кеткен - министр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хашукджидің денесін Түркиядан шабаданмен алып кеткен - министр

Өлтірілген сауд журналисі Жамал Хашукджидің денесі Түркиядан шабаданмен шығарып әкетілген болуы мүмкін. Бұл туралы елдің қорғаныс министрі Хулуси Акар мәлімдеді, - деп жазады Yeni Safak газеті.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өлтірілген сауд журналисі Жамал Хашукджидің денесі Түркиядан шабаданмен шығарып әкетілген болуы мүмкін. Бұл туралы елдің қорғаныс министрі Хулуси Акар мәлімдеді, - деп жазады Yeni Safak газеті.

"Олар (Сауд Арабиясының адам өлтірді деп айыпталған азаматтары) Хашукджидің бөлшектелген денесін дипломатиялық қол сұғылмаушылық арқасында қандай да бір кедергісіз жасырын түрде алып кеткен болуы мүмкін", - деп мәлімдеді министр.

Министрдің айтуынша, айыпталушылар қылмыс жасалғаннан кейін төрт сағат өткенде Түркиядан кетіп қалған-мыс. 


Хулуси Акар

Түркия билігі Хашукджидің өлімі алдын ала жоспарланған әрі қатыгездікпек болған әрекет деген тұжырым жасап отыр. Консулдықтағы аудиожазбалардан алынған мәліметке негізделген олардың айтуынша, өлімі алдында журналист әбден азапталып, кейін бауыздалған. Мұның алдында олар мәйітті қышқылға ерітіп жіберген деген тұжырым айтқан.

Ал 15 қарашада Сауд Арабиясының прокуратурасы Хашукджидің өліміне қатысты деген бес күдіктіні өлім жазасына кесуді талап еткен. Іс бойынша жалпы 21 адам ұсталған, олардың 11-іне айып тағылған. 

13 қарашада болса Түркия арнайы қызметтері өлтіруге тапсырыс берген Сауд Арабиясының ханзадасы Мохаммед бин Салман деген тұжырым айтқан. Бұл тұжырымды 17 қарашада АҚШ та айтты.

Сауд Арабиясының журналисі Джамаль Хашукджи америкалық Washington Post газетінде шолушы болып қызмет еткен және 2017 жылдан бері АҚШ-та тұрған, Түркияда 2 қазанда Сауд Арабиясының Ыстамбұлдағы бас консулдығының ғимаратына кіргеннен кейін жоғалып кеткен.

Сауд Арабиясының мемлекеттік ақпарат құралдары 20 қазанға қараған түні бас прокурордың хабарламасын таратты, онда алдын ала мәлімет бойынша Хашукджидің консулдық қызметкерлерімен жанжалдасқаннан кейін мерт болғаны айтылған. Бұл іске қатысты 18 адам ұсталды, олардан түсінік алынып, Сауд Арабиясының билігі шындықты анықтап, кінәлілерді жауапқа тартуға тырысып жатыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети