Хиллари Клинтон 20 долларлық купюрадан әйел портретін көргісі келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хиллари Клинтон 20 долларлық купюрадан әйел портретін көргісі келеді © REUTERS

АҚШ президенті қызметіне үміткер Хиллари Клинтон 20 долларлық купюраға әйелді бейнелеу идеясын қолдайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды CNN.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ президенті қызметіне үміткер Хиллари Клинтон 20 долларлық купюраға әйелді бейнелеу идеясын қолдайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды CNN.

"Маған екі купюраның бірінде әйел бейнеленетін идея ұнамайды. Меніңше бұл жақсы ой емес. Әйелдердің өз купюралары болу керек деп ойлаймын", - деді ол. Клинтон америкалық ақшаларда бейнеленетін әйелді атаудан бас тартты, дегенмен оны 20 долларлық купюрадан көргісі келетінін мәлімдеді. Себебі АҚШ-та бұл кең таралған купюра.

Еске сала кетейік, осыған дейін 10 долларлық купюрада әйел бейнеленетіні хабарланған болатын. Мұндай идеяны АҚШ-тың қаржы министрлігі хабарлады. Жаңа купюралар 2020 жылы АҚШ Конституциясының 19-рет түзетілуіне, яғни әйелдердің сайлауда дауыс беру құқығын иеленуіне 100 толу мерекесіне арналып шығарылады. "Біз купюраларды аз өзгерткен жоқпыз. Мен 10 долларлық купюраға алғаш рет әйел бейнеленетіні үшін қуаныштымын", - деді АҚШ-тың қаржы министрі Джек Лью.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети