Хосе Мухика: Луис Суаресті психиатрға апару керек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хосе Мухика: Луис Суаресті психиатрға апару керек ©football.sport-express.ru

Уругвай президенті Луис Мухика ұлттық құраманың және "Барселона" командасының шабуылшысы Луис Суареске жарияланған санкция оның мәселесін шеше алмайды деп санайды, деп жазады Sport.es сайтына сілтеме жасаған Lenta.ru.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Уругвай президенті Луис Мухика ұлттық құраманың және "Барселона" командасының шабуылшысы Луис Суареске жарияланған санкция оның мәселесін шеше алмайды деп санайды, деп жазады Sport.es сайтына сілтеме жасаған Lenta.ru.

Уругвай президенті Луис Суарес 2014 жылғы әлем чемпионатында  Италия қорғаушысы Джорджио Кьеллиниді матч барысында тістеп алғаннан кейін оны психиатрға жіберу керек еді деп отыр. "Луис Суарестің басында біраз мәселе бар. Мәселе оның өте кедей отбасынан шыққандығында болып отыр. Ойын кезінде ол артық әрекет жасап қойды", - дейді Уругвай президенті.

Естеріңізде болса, Луис Суарес 24 маусым күні әлем чемпионатының топтық кезеңінде Италиямен болған матчта қорғаушы Кьеллинидің жауырынынан тістеп алған болатын. Бұл ойында Уругвай құрамасы 1:0 есебімен басым түскен еді. Осыдан кейін Италияның аппеляциялық шағымынан кейін Суаерс ФИФА-ның шешімімен ұзақ мерзімге футболдан шеттетіліп отыр. Ол Уругвай ұлттық құрамасының сапында ресми тоғыз кездесуде ойнау құқығынан айрылды және кез-келген футбол ойынынан төрт айға тыс қалған жайы бар. Қызық болғанда, Суарес Италия қорғаушысын әдейі тістедім деп санамайды. Айтуынша, шабуыл кезінде Джорджио Кьеллинидің жауырынына "кездейсоқ тісімен құласа керек".

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети